кафедра меңгерушісі
РhD докторы
Қауымдастырылған профессор
Телефон: +7 7212 35-64-16
E-mail: gtp_326@mail.ru
Университет көшесі, 28, №1 ғимарат
Facebook, Instagram
Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы жоғары білімнің үш деңгейі бойынша білікті заңгерлерді: «Бизнесті заңдық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврлар мен магистрлерді, «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторларын (PhD) даярлауды жүзеге асырады.
Кафедра студенттері оқытудың үш траекториясы бойынша оқуға мүмкіндік алады: «Құқықтың азаматтық-құқықтық саласы», «Кәсіпкерлік қызмет саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу», «Мемлекет пен кәсіпкерліктің өзара іс-қимылы».
Оқу бағдарламасына «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім)», «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім)», «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы», «Еңбек құқығы және әлеуметтік қамсыздандыру», «Халықаралық жеке құқық», «Қазақстан Республикасының отбасы құқығы», «Кәсіпкерлік құқық», «Қазақстан Республикасының жер құқығы», «Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы», «Қазақстан Республикасындағы нотариат», «Азаматтық-құқықтық дауларды шешудің балама тәсілдері» және т.б. өзекті пәндер кіреді.
Студенттер негізгі құқық салалары бойынша базалық білім және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында заң көмегін көрсету жөніндегі заң консультанттарының қызметі саласында жеке құқық, кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу үшін адвокаттық қызметті жүзеге асыру бойынша арнайы білім алады.
Кафедра түлектері кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің құқық департаментінің (бөлімінің) заңгері; өкіл немесе адвокат; нотариус; прокурор, судья; төреші; мемлекеттік қызметші ретінде жұмыс істей алады.
Кафедра келесі салалар бойынша ғылыми мүдделерді жүзеге асырады: жеке құқық, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы, еңбек құқығы, халықаралық жеке құқық, экологиялық құқық, жер құқығы, отбасы құқығы, кәсіпкерлік құқық, көлік құқығы, нотариат.
Кафедраның ғылыми қызығушылықтары Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесінің қалыптасуы жағдайында азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелерін зерттеумен байланысты. Кафедра оқытушылары шарттық құқық мәселелерін, меншік құқығы институтының дамуын, Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін, ерлі-зайыптылардың мүліктік және жеке қарым-қатынастары мәселелерін, мемлекеттік мүліктің құқықтық режимі мәселелерін, көлік заңнамасын жетілдіруді, азаматтық-құқықтық нормаларды қолдану теориясы мен практикасын, өтеулі қызмет көрсетуді құқықтық реттеуді, кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеуді және басқаларды зерттейді
Кафедра оқытушылары Қазақстан Республикасында, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияларға белсенді қатысады.
Кафедра оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттердің жыл сайынғы «De jure, de facto «ғылыми очерктері» атты еңбектер жинағын шығарады, онда ең өзекті құқықтық мәселелер бойынша пікірталастар жүргізіледі.
Кафедра профессорлары мен доценттерінің уәкілетті орган ұсынған ғылыми басылымдарда, РИНЦ, Web of Science, Scopus деректер базасына кіретін халықаралық ғылыми басылымдарда 1,2,3 квартилімен жарияланымдары бар. Оқытушлардың көпшілігінде 1-ден 4-ке дейінгі Хирш индексі бар.
Кафедра оқытушылары заң жобаларын талқылауға қатысады, нормативтік-құқықтық актілердің жобалары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өтініштері бойынша қорытындылар дайындайды.
Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының оқытушылары азаматтарды қабылдауға қатысады және Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ Заң клиникасында халыққа тегін консультативтік көмек көрсетеді, жыл сайын кафедра күнін өткізеді және заң клиникасымен бірлесіп Қарағанды қаласының сауда орталықтарында, универистет ғимаратында, студенттер үйлерінде, Жастар орталығында университет студенттері мен қызметкерлеріне тегін консультативтік көмек көрсету бойынша «Заңгерлер кеңес береді» акциясын өткізеді.