Студия тарихынан: студия 2000 жылы студенттік ортада сұлулық пен салауатты өмір салтын насихаттау, студенттік ортада спорттық бал билерін насихаттау мақсатында құрылды. Оның жетекшілері студенттер, қазіргі түлектер, спорттық бал билері бойынша халықаралық чемпионаттардың жеңімпаздары Инна және Евгений Балахниндер болды. Ұжым студенттер мен оқытушылар арасында танымал болып, махаббатқа ие болды. Әр жылдары студияны Татьяна Рент пен Илья Гедзе басқарды.
Бейіні: студияға қатысушылар Студенттер сарайының сахнасында, қала мен облыстың концерттік алаңдарында өнер көрсетеді, облыстық, өңірлік, республикалық конкурстар мен фестивальдердің лауреаттары болады.
Студияны студенттер сайлау негізінде басқарады.
Жетістіктері: студенттер облыстық, республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің, спорттық бал билері бойынша чемпионаттардың лауреаттары атанды («Хобби класс» бағдарламасы бойынша).