Театр тарихынан: «Лица» сән театры 2001 жылы құрылды. Ол студенттік шығармашылықтың заманауи бағытын дамытады.
Бейіні: театрда өнер көрсете отырып, студенттер пластика, дефиле, сахналық және күнделікті визаж негіздерін меңгереді. Театрдың жарқын сахналық қойылымдары мен шоу-бағдарламаларында көрермендер этникалық, классикалық және авангардтық модельдер мен студенттердің өздері жасаған киім топтамаларын көреді.Студияны студенттер сайлау негізінде басқарады.
Жетістіктері: студенттер облыстық, республикалық және халықаралық шығармашылық байқаулар мен фестивальдердің, республикалық және халықаралық сұлулық конкурстарының лауреаттары атанды.