Студия тарихынан: студия студенттік ортада сұлулық пен салауатты өмір салтын насихаттау, заманауи хореография жанрларын танымал ету мақсатында 1999 жылы құрылды.
Бейіні: студияда оқи отырып, студенттер пластика негіздерін және заманауи хореографияның түрлі стильдерін үйренеді, олар облыстық және республикалық концерттік бағдарламаларға, театрландырылған мерекелерге қатысады.
Студияны студенттер сайлау негізінде басқарады.
Жетістіктері: студенттер облыстық, республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары, Қазақстанның Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының қалалық турының жеңімпазы атанды.