Студия тарихынан: студия 1997 жылы Студенттер сарайының базасында студенттерді театр және көркем шығармашылыққа баулу мақсатында құрылды. Студияның негізін қалаушылар – Қазақстан Республикасының халық әртістері, Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының актерлері Қарғамбай Рахымжанұлы Сатаев пен Әсия Бозайқызы Аблаева. 2002-2004 жылдары студияны әртіс, театр режиссері, ҚР «Мәдениет қайраткері», қазіргі К.С. Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театрының жетекшісі Дунай Амандықұлы Еспаев басқарды.
Бейіні: студияның репертуарында қазақстандық және шетелдік жазушылардың көркем шығармаларына негізделген сахналық миниатюралар, қойылымдар, спектакльдер бар.
Жетекшілері: Қожамбаева Гүлден Талғатқызы, Масалим Еламан.
Жетістіктері:«Шаттық» театр-драма студиясы аймақтық студенттер фестивалінің лауреаты, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты.