декан
филология ғылымдарының кандидаты
доцент
Телефон: +7 72 12 770432
E-mail: phil_faculty@ksu.kz
Мұқанов көшесі, 1, №8 ғимарат
Facebook, Instagram
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Филология факультетінің дамуында университеттің алғашқы ректоры, академик Е.А. Бөкетов айрықша ықпал еткен. Ол химия ғылымдарының көрнекті маманы бола отырып, Қарағанды химия-металлургия институтының негізін қалаушы, танымал жазушы және аудармашы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі болды. Өмірінің соңына дейін ол сөз құдіретін терең түсініп, көркем шығармаларға деген сүйіспеншілігін жоғалтқан жоқ. Ол филология факультетіне ерекше көңіл бөлді, ғылыми-педагогикалық кадрлардың өсуіне зор қамқорлығынан көрсетті.
Педагогикалық институт құрылған кезден бастап және осы уақытқа дейін филология факультеті қазақ және орыс тілдеріндегі мектептер үшін педагогикалық кадрлар дайындап келеді. Ұлттық мектептер үшін орыс тілі мен әдебиеті бойынша мамандар даярлау процесіне ерекше назар аударылады. Осындай бейіндегі мамандар даярлау туралы бастама 1960-шы жылдары Қарағанды ғылыми-әдістемелік мектебінің негізін қалаушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Г.А.Мейрамовтың бастамасынан басталды.
Оқытушылар:
Факультетте 79 оқытушы жұмыс істейді, олардың арасында ғылым докторлары, кандидаттар мен магистрлер, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық атағының иегерлері, ғылым мен техниканың дамуына ерекше үлес қосқан ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия лауреаттары, дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия лауреаттары бар.
Білім алушылар:
Факультет студенттерінің контингенті – 687 адам, оның 242-і мемлекеттік білім гранты есебінен оқиды. Факультетке жылына 300-ге жуық адам оқуға түседі. Студенттер қатарында Ресей, Өзбекстан, Моңғолия азаматтары бар.
Жұмыспен қамту:
Факультеттің түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие, олардың орта есеппен 85%-ы оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналаса алады.
Серіктестер:
Факультет Польша, Болгария, Чехия, Түркия, Германия, Ресей, Беларуссия, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа елдердің жетекші ғылыми орталықтарымен үнемі ғылыми байланыс орнатады, сонымен қатар әртүрлі дәрежедегі ғылыми конференциялардың ұйымдастырушысы және қатысушысы болып табылады.
Диссертациялық кеңес:
Факультетте 8D02306001 – «Филология» мамандығы бойынша диссертациялық кеңес жұмыс істейді.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Факультеттің барлық бағдарламалары ұлттық аккредиттеуге ие. Олар ұлттық рейтингте лайықты орындарда:
5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 2018 жылы рейтингте 6-орын, 2019 жылы 4-орын, 2020 жылы 1-орын алды.
7М017 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 2020 жылы 3-орынға ие болды.
5В012100 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 2018, 2019 жылдары рейтингте 1-орын алды.
5В011800 - «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы 2018 жылы рейтингте 5-орын, 2019, 2020 жылдары жылы рейтингте 3-орын алды.
7М017 - «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы 2020 жылы 2-орынға ие болды.
5В012200 - «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы 2018 жылы рейтингте 1-орын алды, 2019 жылы рейтингте 1-орынды иеленді.
5B020500 - «Филология» мамандығы 2018 жылы рейтингте 1-орын, 2019 жылы 4-орын алды.
5B050400 - «Журналистика» мамандығы 2018 жылы рейтингте 5-орынды, 2019 жылы рейтингте 6-орынды, 2020 жылы 5-орынды, 2020 жылы 3-орынды иеленді.
6В032 - «Қоғаммен байланыс» мамандығы 2020 жылы 2-орынға ие болды.
6D020500 - «Филология» мамандығы 2019 жылы 3-орынға ие болды.
Түлектер:
Факультеттің танымал түлектері:
Әлтаев Аманжол Дүйсенбайұлы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын.
Доскенов Талғат Қазкенұлы – Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы.
Қажыбек Ерден Задаұлы – қоғам қайраткері, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының экс-директоры.
Мамраев Бейбіт Баймағамбетұлы – қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты.
Тойжігітов Әли Мұсалиұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген журналисі.