декан
PhD докторы
Телефон: +7 7212 770388
E-mail: ksu_fip312@mail.ru
Мұқанов көшесі, 1, № 8 ғимарат
Facebook, Instagram
Даталар и фактілер
Тарихы:
Философия және психология факультеті 1995 жылы қарашада ашылды. Факультеттің алғашқы деканы философия ғылымдарының докторы, профессор Колумбаев Бисембай Ергалеевич. Әр жылдары декан қызметін философия ғылымдарының кандидаты, доцент Жалилов Құрбан Шамильевич, философия ғылымдарының докторы, профессор Әлімбаев Әбілманат Әмірханұлы, психология ғылымдарының кандидаты, професор Сабирова Райхан Шайхышевна, философия ғылымдарының докторы, профессор Карипбаев Байжол Искакович атқарды. 2017 жылдан бастап факультетті философия ғылымдарының кандидаты, доцент Кусбеков Думан Карибекович басқарады.
Факультет жұмысының алғашқы жылдарында дайындық үш мамандық бойынша жүргізілді: «Философия», «Психология», «Әлеуметтану». 1996 жылы «Саясаттану», 2001 жылы «Мәдениеттану», 2003 жылы «Дінтану» мамандықтары ашылды.
Философия және мәдениет теориясы кафедрасы «Философия», «Дінтану» және «Мәдениеттану» бағыттары бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды. Кафедра жанынан Қазақстандағы қазіргі заманғы діни ахуалды кешенді зерттеудің ғылыми зертханасы ашылған болатын. Онда студенттер мен магистранттар өздерінің тәлімгерлерімен бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізеді. Студенттерді ғылыми зерттеулерге тартудың маңызды элементі Дінтану мұражайының ашылуы болды. Оның базасында мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, діни ұйымдардың өкілдері, колледждер мен мектептердің оқушылары кездесулер өткізіп тұрады.
Психология кафедрасы 1990 жылы биология факультетінің құрамында ашылып, кейіннен философия және психология факультетіне қосылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі психология ғылымдарының докторы, профессор Жақыпов Сатыбалды Мұқатайұлы болды. Кейіннен кафедраны доцент Блок Ольга Григорьевна; психология ғылымдарының докторы, профессор Амирова Светлана Аубакировна; психология ғылымдарының кандидаты, доцент Никифорова Ольга Владимировна; психология ғылымдарының кандидаты, доцент Сабирова Райхан Шайхышевна, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Капбасова Гүлзада Байыровна басқарды. Қазіргі уақытта кафедраны психология ғылымдарының кандидаты, профессор Сабирова Райхан Шайхышевна басқарады. Кафедра түлектері Қазақстанның еңбек нарығында, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде сұранысқа ие. Кафедрада «Білім беру қызметін психологиялық қолдау орталығы» жұмыс істейді.
1991 жылы әлеуметтік-саяси теория кафедрасы негізінде құрылған саясаттану және әлеуметтану кафедрасы факультет тарихының ажырамас бөлігі болып табылады. Саясаттанушылардың алғашқы түлектері 1999 жылы оқуын аяқтады. Бір жылдан кейін әлеуметтанушылардың алғашқы түлектері шығарылды. Кафедраның жетекшілері философия ғылымдарының докторы Тұманшин Кахерман Мукаримович, тарих ғылымдарының кандидаты Рогалев Виктор Павлович, тарих ғылымдарының кандидаты Есенғараев Есет Жеңісбекұлы, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Валитова Зульфия Хафизовна, саяси ғылымдар кандидаты Көшербаев Дастан Бақытбекұлы болды. Қазіргі уақытта кафедраны Phd доктор Бейсенова Айгүл Аманжолқызы басқарады.
2014 жылы философия және психология факультетіне әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасы қосылды. Ол республикада әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагогтарды даярлауды алғашқылардың бірі болып бастады. Кафедра ұжымы әлеуметтік қызметкерлерді, әлеуметтік педагогтарды, мәдени-тынығу жұмысы мамандарын кәсібилендірумен байланысты түрлі жоғары оқу орындарымен және ұйымдармен кең халықаралық байланысқа ие. Кафедрада «Өзін-өзі тану кабинеті» жұмыс істейді.
Факультет мыңнан астам маман даярлап, Орталық Қазақстан өңірінің дамуына қомақты үлес қосты. Факультет түлектері мемлекеттік басқару аппаратында, күш құрылымдарында, мектептерде, жоғары оқу орындарында, ғылыми орталықтарда, кәсіпорындарда жұмыс істейді.
Білім алушылар:
Соңғы үш жылда факультетте оқитын студенттер контингенті бір жарым есе өсті. Бүгінде факультетте 845 адам білім алуда, оның 269-ы білім грантының, үшеуі «Алтын Белгі» иегері. Факультет студенттерінің қатарында Ресей, Украина, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан сынды шет елдің азаматтары, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлерінің жастары бар. Факультет түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие.
Оқытушылар:
Факультетте 65 оқытушы қызмет атқарады, олардың арасында ғылым докторлары, кандидаттар, магистрлер, Phd докторлары және республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері бар.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Факультеттің барлық бағдарламалары БСҚТА аккредиттеуден өткен және Ұлттық рейтингте жоғары орынға ие.
Серіктестер:
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей)
Ресей мемлекеттік әлеуметтік университеті (Ресей)
Сочи мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей)
Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті (Ресей)
Башқұрт аграрлық мемлекеттік университеті (Ресей)
Психотерапия және клиникалық психология институты (Ресей)
Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Ресей)
Барнаул мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей)
Томск мемлекеттік университеті (Ресей)
Халықаралық психология ғылымдары академиясы (Ресей)
А. Ионна Куза атындағы университет (Ресей)
РҒА әлеуметтану институты (Ресей)
Экономика жоғары мектебі (Ресей)
Клиникалық психология университеті (Канада)
Siirt universitesi (Түркия)
Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті. (Өзбекстан)
Фридрих Эберт қорының гендерлік зерттеулер орталығы (Германия)
Будапешт қаласындағы Орталық-Еуропалық университет (Венгрия)
Ашық Қоғам Институты жанындағы Hesp қоры (Венгрия)
Alexandru Ioan Cuza University of Iaşiуниверситеті (Румыния)
Карлов университеті (Чехия)
Гарвард университеті (АҚШ)
Орталық Еуразияны зерттеу қоғамы (АҚШ).