ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ



ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ



ХУСАИНОВА
ЖИБЕК СЕИТОВНА

декан
экономика ғылымдарының кандидаты
профессор

Декан блогы

Телефон: +7 7212 35-63-02
E-mail: dekanat-econom-ksu@mail.ru
Университет көшесі, 28, № 1 ғимарат
Facebook Instagram


Даталар и фактілер

Тарихы:
Экономика факультетінің тарихы Қарағанды мемлекеттік университетінің құрылған күнінен басталды. 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінде экономика-заң факультеті ашылды. Оқу процесі экономика және материалдық-техникалық жабдықтауды жоспарлау; қаржы және кредит; статистика және есеп үш мамандандырылған кафедраның күшімен қамтамасыз етілді.
1974-75 оқу жылынан бастап экономика факультеті дербес бөлініп шықты. Заман талабына сай факультетте жаңа кафедралардың пайда болып, құрылымдық қайта құрулар жүргізілді, оның ішінде ақша айналымы және несие кафедралары; экономикалық география және салалық экономикалар (70-ші жылдары); экономика және салалар мен аумақтарды жоспарлау; саяси экономия (80-ші жылдары); экономика және сыртқы экономикалық қызмет; бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау; экономикалық теория (90-шы жылдары) кафедралары пайда болды.
Факультеттің бастауында профессорлар Т.А.Абдразақов, А.Ж.Орманбаев, К.К.Қаракесов, А.А.Аубакирова, А.А.Алимбаев, Г.С.Сейткасимов, Р.Е.Елемесов, Р.К.Андарова, С.С.Аменова; доценттер Н.А.Қарамзин, У.С.Сағындықов, А.М.Зеваков, А.А.Сүлейменова және тағы басқалары тұрды.
Әр жылдары факультет басшылары болғандар:
- 1972-1974 жылдары - э.ғ.к., доцент Т.А. Абдразаков;
- 1974-1986 жылдары - э.ғ.к., доцент К.К. Каракесов;
- 1986-1988 жылдары - э.ғ.к., доцент Н.А. Карамзин;
- 1988-1990 жылдары - э.ғ.к., доцент А.Ж. Орманбаев;
- 1990-1993 жылдары - э.ғ.к., доцент Б.К. Кажыкаримов;
- 1993-1995 жылдары - э.ғ.д., профессор А.А. Темирбулатов;
- 1995-1999 жылдары - э.ғ.к., доцент С.М. Омирбаев;
- 1999-2000 жылдары - э.ғ.д., профессор Р.С. Каренов;
- 2000-2001 жылдары - э.ғ.д., профессор А.А. Алимбаев;
- 2001-2004 жылдары - э.ғ.д., профессор С.Н. Алпысбаева;
- 2004-2019 жылдары - э.ғ.д., профессор Б.С. Есенгельдин.
Қазіргі уақыттағы факультет деканы э.ғ.к., профессор Ж.С.Хусаинова.

Білім алушылар:
Білім алушылар контингенті 1200 адамды құрайды, оның 20%-ға жуығы мемлекеттік білім грантында, бұл мемлекет пен қоғам тарапынан жоғары сенім деңгейін көрсетеді.
Факультет бағдарламаларына түсетін талапкерлердің орташа саны жыл сайын 230-250 адамды құрайды. Соңғы үш жылда факультет мамандықтары бойынша білім алушылардың орташа өсімі 25%-ды құрады, бұл білім беру бағдарламаларының қажеттілігі мен өзектілігін көрсетеді. Білім алушылардың географиясы Қазақстанның барлық аймақтарымен, сондай-ақ алыс және жақын шетелдермен байланысты: Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Германия.
Факультет студенттері жыл сайын Президенттік стипендияның, Тұңғыш Президент Қоры стипендиясының, бизнес-сектор өкілдері стипендияларының иегерлері, халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалардың, ғылыми және шығармашылық конкурстардың жүлдегерлері болып табылады.

Оқытушылар:
Қазіргі уақытта факультетте ғылым докторлары, кандидаттар, PhD және магистр дәрежелері бар 100-ден астам оқытушы жұмыс істейді, олардың 12-сі ҚР БҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері. Сонымен қатар, бизнес-қауымдастық өкілдері жұмыс істейді, бұл оқытылатын пәндердің практикалық бағытына оң әсер етеді.

Білім беру бағдарламалары:
- бакалавриаттың 16 білім беру бағдарламалары, магистратураның 15 білім беру бағдарламалары, PhD докторантура бағдарламасы;
- бакалавриаттың 5 инновациялық білім беру бағдарламалары: «IT-кәсіпкерлік және цифрлық экономика», «Бизнес-аналитика және бизнес-консалтинг», «Кәсіпкерлік және жобаларды басқару», «HR: еңбек экономикасы және қауіпсіздігі», «Маркетинг және SMM», «Экономикалық қауіпсіздік»;
- магистратураның 2 инновациялық білім беру бағдарламасы: «Экономикалық қауіпсіздік», «IT-кәсіпкерлік және цифрлық экономика»;
- Көптілді білім беру бағдарламалары: «Әлемдік экономика», «Экономика», «Туризм».

Қосдипломды бағдарламалар:
«Экономикалық қауіпсіздік» (ҰЯЗУ «МИФИ»-мен бірлескен, Ресей), «Жобаларды басқару» (Льюис Ұлттық университетінің Жоғары бизнес мектебімен бірлескен, Польша).

Диссертациялық кеңес:
6D050600 - Экономика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес бар.

Аккредиттеу және көшбасшылық:
Факультеттің барлық бағдарламалары ұлттық аккредиттеуден өтіп, ұлттық рейтингте лайықты орындарға ие:

Білім беру бағдарламасының атауы

Рейтингтегі орны

БСҚТА рейтингісі

Кәсіпкерлік және жобаларды басқару

1

Бизнес-аналитика және бизнес-консалтинг

1

Мемлекеттік аудит

1

IT-кәсіпкерлік және цифрлық экономика

1

HR: еңбек экономикасы және қауіпсіздігі

1

Құқық және экономика негіздері

1

Еңбекті ұйымдастыру және нормалау

1

Бағалау

1

Экономика

2

Әлемдік экономика

2

Маркетинг

2

Туризм

2

Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі

2

Іскерлік әкімшілендіру

2

Логистика

3

Жобаларды басқару

3

АРТА рейтингі

Құқық және экономика негіздері

2

Логистика

2

Менеджмент

3

Мемлекеттік және жергілікті басқару

3

Кәсіпкерлік және жобаларды басқару

3

Бизнес-аналитика және бизнес-консалтинг

3

Еңбекті ұйымдастыру және нормалау

3


Жұмысқа орналастыру:
Бакалавриат бағдарламалары бойынша жұмысқа орналасудың орташа пайызы шамамен 80%-ды, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 100%-ды құрайды.

Түлектер:
Факультеттің көптеген түлектері өз кәсібінде табысты мансапқа қол жеткізген:
Ахметжанов Ануар Муратович - Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі, «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығының 1996 жылғы түлегі.
Хаиров Ерлан Картаевич - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, «Экономика» мамандығының 1999 жылғы түлегі;
Ботабеков Айбек Толеубекович – «KEGOC» АҚ қаржы және есеп жөніндегі басқарушы директоры, «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығының 1996 жылғы түлегі;
Жумангарин Серик Макашевич - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы, «Экономика» мамандығының 1997 жылғы түлегі;
Сулейменов Асхат Муратович – «Бәйтерек» корпорациясы» ЖШС бас директоры, Аршалы аудандық мәслихатының VI шақырылымының депутаты, «Туризм» мамандығының 2009 жылғы түлегі;
Кульпеисов Ернар Даулович - Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының директоры, «Экономика» мамандығының 2002 жылғы түлегі;
Аубакиров Нурлан Ерикбаевич – «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Басқарма төрағасы, «Қаржы» мамандығының 1997 жылғы түлегі;
Темирханов Ержан Оралович - Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2007 жылғы түлегі;
Абжанов Сакен Каирович - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы аппаратының қаржы-экономикалық бөлімінің меңгерушісі, «Менеджмент» мамандығының 1997 жылғы түлегі;
Алимжанов Биржан Нуржанович - Қарағанды облысының жастар саясаты басқармасының басшысы, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2009 жылғы түлегі.

Серіктестер:
Прагадағы Экономика жоғарғы мектебі (Чехия)
Гонконг политехникалық университеті (Гонконг)
Таулы Алтай мемлекеттік университеті (Ресей)
Карлов университеті (Чехия)
Любляна университеті (Словения)
Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті (Ресей)
Ресей туризм және сервис мемлекеттік университеті (Ресей)
Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университеті (Ресей)
Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университеті (Ресей)
Вильнюс университеті (Литва)
Бабеш Больяй университеті (Румыния)
Злиндегі Томаш Бат университеті (Чехия)
Деусто университеті (Испания)
Аквилла университеті (Италия)
Катовицедегі экономикалық университет (Польша)

Жобалар:
Экономика факультетінде халықаралық жобалар (Erasmus+) және республикалық гранттық жобалар (ҚР БҒМ қаржыландыратын) жүзеге асырылуда:
- «Әлеуметтік кәсіпкерліктің батырлары (Social Entrepreneurship Heroes (SEH))» № 602681-EPP-1-2018-1-LT-EPPKA2-CBY-ACPALA Erasmus+ халықаралық жобасы;
- «Implementing Dual System in Kazakhstan/KazDual» № 618835-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-SP Erasmus+ халықаралық жобасы;
- «TEMPUS: Қазақстан Республикасында қонақ үй бизнесінің төрт жоғары мектебін құру» халықаралық жобасы;
- Магдебургтегі Отто фон Герике университетімен «GeKaVoc - Қазақстанның логистика, мехатроника және тұрақты энергия үнемдеу саласындағы кәсіби білім беру» халықаралық жобасы;
- «Ақшалай қаражатпен немесе КЖ/ТҚҚ өзге мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл» халықаралық жобасы (КЖ/ТҚҚ саласындағы халықаралық желілік университет шеңберінде);
- ЕО-ның «AGROCOMP - Өзбекстан мен Қазақстандағы Тұрақты даму және эко-инновациялар арқылы агробизнес пен тамақ өнеркәсібінің өзіндік құнын құру тізбегінің бәсекеге қабілеттілігі» халықаралық жобасы (Милан сауда-өнеркәсіп палатасының Формапер және Инноваб ЭСИ агенттігі-Монцы-Брианцы-Лоди, Италия);
- Еуропалық Одақ серіктестерімен бірге Милан Сауда – өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және қолөнер палатасы агенттігімен (Италия) қаржыландыратын «ОДАК - Еңбекшіқазақ тұрақты экономикалық және адами дамуға арналған Альянсы» халықаралық жобасы;
- «Инновациялық үдерісті тиімді басқару механизмін әзірлеу және мәселелерді анықтау мақсатында Қазақстан Республикасында инновацияларды коммерциализациялау үрдісін зерттеу» республикалық жобасы (Тапсырыс беруші – ҚР БҒМ; 2015-2017 жж.; жетекшісі - э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, маркетинг кафедрасының профессоры Д.Г.Мамраева);
- «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық өсу механизмінде жастар кәсіпкерлігін дамыту мен белсендірудің форсайт-моделін әзірлеу» республикалық жобасы (Тапсырыс беруші – ҚР БҒМ; 2015-2017 жж.; жетекшісі – э.ғ.к., профессор, экономика және халықаралық бизнес кафедрасының профессоры Ж.С.Хусаинова);
- «Қазақстанның туристік-рекреациялық әлеуетін интегралды көп факторлы бағалау және бәсекеге қабілетті өңірлік туристік өнімдерді дамыту стратегиясын әзірлеу» республикалық жобасы (Тапсырыс беруші – ҚР БҒМ; 2018-2020 жж.; жетекшісі – э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, маркетинг кафедрасының профессоры Д.Г.Мамраева);
- «Заманауи экономикалық жүйелердегі әлеуметтік кәсіпкерлік: Қазақстандағы тұжырымдама, типология, даму механизмдері» республикалық жобасы (Тапсырыс беруші – ҚР БҒМ; 2018-2020 жж.; жетекшісі – э.ғ.д., профессор, экономика және халықаралық бизнес кафедрасының профессоры Т.П.Притворова);
- «ЕАЭО елдерінің ұлттық экономикаларының инновациялық қабылдағыштығы: жүйелік сипаттамалар, бағалау, басқару тетіктері» республикалық жобасы (Тапсырыс беруші – ҚР БҒМ; 2018-2020 жж.; жетекшісі - PhD, экономика және халықаралық бизнес кафедрасының аға оқытушысы Е.Б. Жайлауов);
- «Мүгедек балалары бар үй шаруашылықтарын қолдау жүйесі: Қазақстандағы тұжырымдамалық негіздер, тиімді тәжірибелер, даму механизмдері» республикалық жобасы (Тапсырыс беруші – ҚР БҒМ; 2020-2022 жж.; жетекшісі – э.ғ.д., профессор, экономика және халықаралық бизнес кафедрасының профессоры Т.П.Притворова);
- «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты: генезисі, эволюциясы, қазіргі жағдайы, жетілдіру векторлары» республикалық жобасы (Тапсырыс беруші – ҚР БҒМ; 2020-2022 жж.; жетекшісі - PhD, экономика және халықаралық бизнес кафедрасының аға оқытушысы Е.Б. Жайлауов);
- «Қазақстанның ТМК технологиялық даму стратегиясы: МЖӘ инвестициялық өсудің драйвері және Индустрия 4.0 жағдайында форсайт-позициялау» республикалық жобасы (Тапсырыс беруші – ҚР БҒМ; 2020-2022 жж.; жетекшісі – PhD, экономика және халықаралық бизнес кафедрасының аға оқытушысы Е.Б. Жайлауов);
- «Қазақстанда NEET-жастарды азайтудың кешенді моделін әзірлеу: нәтижелі жұмыспен қамтуды, инклюзивті экономиканы және білім беруді цифрландыруды конвергенциялау» республикалық жобасы (Тапсырыс беруші – ҚР БҒМ; 2021-2023 жж.; жетекшісі - э.ғ.к., профессор, экономика және халықаралық бизнес кафедрасының профессоры Ж.С.Хусаинова);
- «Туризмді цифрландыру жағдайында smart-технологияларды қолдану негізінде Орталық Қазақстанда қалалық туристік маршруттарды әзірлеу» республикалық жобасы (Тапсырыс беруші – ҚР БҒМ; 2021-2023 жж.; жетекшісі - э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, маркетинг кафедрасының профессоры Д.Г.Мамраева);
- «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жүйесінде жастар туризмінің инновациялық бизнес-модельдерін әзірлеу» республикалық жобасы (Тапсырыс беруші – ҚР БҒМ; 2021-2023 жж.; жетекшісі - э.ғ.к., қауымдастырылған профессор, маркетинг кафедрасының профессоры Д.Г.Мамраева);
- «Қазақстан Республикасындағы өңіраралық экономикалық өзара іс-қимыл: тұжырымдамалық негіздер, бағалау, қарқындату тетіктері» республикалық жобасы (Тапсырыс беруші – ҚР БҒМ; 2021-2023 жж.; жетекшісі - PhD, экономика және халықаралық бизнес кафедрасының аға оқытушысы Е.Б. Жайлауов);
- «Қазақстан Республикасы қоғамдық секторының инновациялық дамуын басқару стратегиясы: әдіснамасы, нәтижелілігі, тетіктері» республикалық жобасы (Тапсырыс беруші – ҚР БҒМ; 2021-2023 жж.; жетекшісі - PhD, экономика және халықаралық бизнес кафедрасының аға оқытушысы Е.Б. Жайлауов).

Факультеттің институттары және орталықтары:
Экономика факультетінде цифрлық экономиканы зерттеу институты жұмыс істейді. Институт қызметі аясында кафедралардың студенттері мен магистранттары гранттық ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, ғылыми жұмыстар конкурстарына және пәндік олимпиадаларға қатысуға, жақын және алыс шетелдердің жетекші ғылыми журналдарында бірлескен мақалалар жариялауға мүмкіндік алады.
Жастар кәсіпкерлігі орталығы 2017 жылдан бастап жұмыс істейді және факультет пен университеттің жастар кәсіпкерлігі мен стартап-қозғалысының экожүйесін қолдауға бағытталған. Жастар кәсіпкерлігі орталығы бизнес-мектебінен, студенттік бизнес-инкубатордан және Coworking-алаңынан тұрады.
Buketov Business and Innovation Hub - факультеттің білім алушылары өздерінің креативті инновациялық идеялары мен IT-стартаптарын іске асыру мүмкіндігіне ие коворкинг-орталық, Business Open Space, GreenCampus және InnoLab кіретін факультеттің инновациялық бизнес-хабы.

https://science.karsu.uz/files/journals/4/articles/1269/62944e491ae66.html http://publications.lnu.edu.ua/journals/files/journals/1/articles/1371/submission/original/1371-2175-3-SM.html http://tpfk.ru/files/journals/1/articles/221/6291a23e1d36d.html https://uacd.uz/files/journals/1/articles/12/6294507f77107.html https://jrnls.ivet.edu.ua/files/journals/1/articles/747/6294511129235.html https://www.nzgajournal.org.nz/files/journals/1/articles/3612/629453d14bc51.html https://sebhau.edu.ly/journal/files/journals/6/articles/1915/6294556436aa8.html http://www.vjph.vn/files/journals/1/articles/679/submission/original/679-1219-4-SM.html http://uha.dp.ua/files/journals/1/articles/136/submission/136-1-264-1-2-20220530.html http://www.polsci-law.buu.ac.th/qa/-/situs-judi-online/index.htmlhttps://stce.nuce.edu.vn/files/journals/5/articles/2316/submission/2316-50-9628-1-2-20220530.html https://online.cput.ac.za/files/journals/6/articles/98/submission/98-61-102-1-2-20220530.html https://journal.tvu.edu.vn/files/journals/1/articles/889/submission/889-1-2966-1-2-20220530.html http://journal.ussh.vnu.edu.vn/files/journals/2/articles/994/submission/original/994-1162-3-SM.html http://jstic.ptit.edu.vn/files/journals/1/articles/561/submission/561-1-2183-1-2-20220530.html https://jcsce.vnu.edu.vn/files/journals/1/articles/377/submission/377-1-1835-1-2-20220530.html http://jst.ntt.edu.vn/files/journals/2/articles/298/submission/298-13-836-1-2-20220530.htmlhttps://stce.nuce.edu.vn/files/journals/5/articles/2320/submission/2320-50-9630-1-2-20220530.htmlhttps://vjde.vn/files/journals/1/articles/336/submission/336-1-361-1-2-20220530.htmlhttps://ictmag.vn/files/journals/9/articles/1039/submission/1039-62-5583-1-2-20220530.html http://e-majallah.ftu.ac.th/files/journals/4/articles/308/submission/original/308-597-7-SM.htmlhttps://huso-journal.sskru.ac.th/files/journals/3/articles/241/submission/241-25-1468-1-2-20220530.htmlhttps://www.econa.org.ua/files/journals/1/articles/2048/submission/original/2048-6565658006-3-SM.htmlhttps://stce.huce.edu.vn/files/journals/5/articles/2327/submission/2327-50-9730-1-2-20220530.htmlhttps://fass.dp.ua/files/journals/1/articles/117/submission/117-1-219-1-2-20220530.htmlhttps://eung.nung.edu.ua/files/journals/1/articles/384/629476a0bbaf8.htmlhttps://www.itit58.ru/files/journals/1/articles/430/62947777030a3.htmlhttp://ojs.kmutnb.ac.th/files/journals/6/articles/6117/submission/original/6117-16335-3-SM.htmlhttps://ruhm.es/files/journals/1/articles/856/629478a6f1206.htmlhttps://vjog.vn/files/journals/1/articles/1372/submission/1372-1-3113-1-2-20220530.htmlhttps://sci.chandra.ac.th/journal/files/journals/2/articles/40/submission/40-13-73-1-2-20220530.html http://journalgrad.ssru.ac.th/files/journals/16/articles/2760/submission/original/2760-5446-3-SM.htmlhttp://www.graduate.dusit.ac.th/journal/files/journals/1/articles/1148/submission/1148-1-3106-1-2-20220530.htmlhttps://recifaqui.faqui.edu.br/-/slot-online/http://jifactor.org/-/slot-online/https://fast5.ksu.kz/https://ojs.mbuslc.ac.th/files/journals/1/articles/81/6295c8606a892.html http://revista.irdcivil.com.br/files/journals/1/articles/20/6295d2df159f5.htmlhttps://jwt.su/files/journals/1/articles/1175/submission/1175-1-2833-1-2-20220531.htmlhttps://www.sjunijournals.ge/files/journals/3/articles/62/submission/62-25-111-1-2-20220531.htmlhttps://escsvfu.ru/files/journals/1/articles/24/6295d5cd02ee1.htmlhttps://altaisticsvfu.ru/files/journals/1/articles/52/6295d9a9f1fec.htmlhttps://uprav-uchet.ru/files/journals/1/articles/2157/6295dd81b85a8.htmlhttps://eras.mundis.pt/files/journals/1/articles/197/6295de5b23e69.htmlhttps://ref.ue.poznan.pl/files/journals/2/articles/147/6295df41adf95.htmlhttps://sociedadcientifica.org.py/files/journals/1/articles/247/6295e2c888b7e.html