декан
педагогика ғылымдарының кандидаты
қауымдастырылған профессор
Телефон: +7 72 12 770413
E-mail: foreign_lang@ksu.kz
Мұқанов көшесі, 1, №9 ғимарат
Facebook Instagram
Даталар мен фактілер
Тарихы:
Шет тілдер мамандарын даярлау филология факультетінің шет тілдер бөлімінде 1991 жылы басталды. Алғашқы рет «Неміс тілі» мамандығына 20 адам қабылданды. 90-жылдары шет тілдерін білетін мамандарға деген қажеттілік күрт өсті, бұл 1994 жылы қолданыстағы шет тілдері бөлімін дербес шет тілдер факультетіне айналдыру қажеттілігін тудырды. Шет тілдер факультетінің алғашқы деканы филология ғылымдарының докторы, профессор Н.И. Букетова болды.
Факультеттің қалыптасуы мен қарқынды дамуы 1998 жылдан 2019 жылға дейін факультетті басқарған педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.А. Жетпісбаеваның есімімен байланысты.
Факультеттің негізін қалаушылар: профессор Г.К.Тлеужанова, ф.ғ.к., доцент В.О. Тен, ф.ғ.к., профессор Ф.А. Какжанова, аға оқытушылар Б.Ж.Жанкина, Ж.А. Кагазбаев, Л.А. Турумбетова, Р.Ж. Джангунакова, И.В.Росоха. Факультет кафедраларын әр жылдары ф.ғ.к., доцент Ф.А.Какжанова, ф.ғ.д., профессор Ш.М. Мажитаева, ф.ғ.д., профессор Г.И.Исина, ф.ғ.к. С.Х. Жакупова, ф.ғ.к. З.М. Мажит, п.ғ.к. У.И. Копжасарова, п.ғ.к. Э.А. Утеубаева, доценттер Ж.А. Кагазбаев, М.У. Нуржанова, Б.К.Аязбекова басқарды.
Сол кезде шағын оқытушылар ұжымы ұйымдастыру кезеңінің барлық қиындықтарын сәтті жеңіп, болашақ факультеттің негізін қалады. Факультет роман-германиялық филологиясы кафедрасының құрылуынан басталды, оны Ж.А. Қағазбаев басқарды.
1996 жылы 63 адамнан тұратын алғашқы түлектер «Неміс тілі», «Ағылшын тілі» мамандықтары бойынша факультеттегі оқуын аяқтады. Факультет дамыған сайын жаңа мамандықтар ашылып, көп деңгейлі білім беру моделі енгізілді:
Оқытушылар:
Оқу үдерісін оқытылатын тілдер елдерінде тағылымдамадан өткен жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді. Олардың қатарында 8 Республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері, PhD және ғылым докторлары, ғылым кандидаттары мен доценттер, ғылым магистрлері бар.
Факультетте үнемі Германия, Франция, Қытай, Оңтүстік Корея, Италия, Түркиядан келген шетелдік оқытушылар жұмыс істейді, олардың ішінде: ағылшын тілі оқытушысы, философия докторы В. Сартор (АҚШ); итальян тілі оқытушысы, «Шет тілі ретінде итальян тілінің дидактикасы» мамандығының магистрі Паоло Мантраци (Италия).
Студенттер:
Соңғы жылдары білім алушылар контингенті 1000-нан астам адамды құрайды, оның ішінде «Алтын белгі» иегерлері, білім беру грантының иегерлері. Факультетте Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген студенттермен қатар Қытай, Ресей, Өзбекстаннан келген шетелдік студенттер де білім алуда. Білім алушылар контингентінің жыл сайынғы өсуі, сондай-ақ еңбек нарығында түлектердің талап етілу көрсеткіші байқалады. Түлектердің 70%-дан астамы диплом алғаннан кейінгі алғашқы үш айда оңай жұмыс табады.
Білім беру бағдарламалары:
Ағылшын тілінде оқытылатын «Шетелдік білім алушыларына арналған орыс тілі» және «Шет тілі және мәдениаралық коммуникация» инновациялық бағдарламалары.
Шет тілі ретінде орыс тілі бойынша Шихэцзы Университетімен бірлескен бағдарлама (Қытай)
Новосібір мемлекеттік педагогикалық унверситетімен бірлескен қос диплом бағдарламасы (Ресей)
Академиялық ұтқырлық:
Студенттер мен магистранттар Германия, Испания, Қытай, Ресей, Румыния, АҚШ, Франция, Чехияның жетекші университтеттерінде білім алады.
Диссертациялық кеңес::
Факультетте «Шет тілі: екі шет тілі» бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңес жұмыс жасайды.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Факультеттің бағдарламалары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттікпен аккредиттелген. Олар жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингтерінде жоғары орындарға ие: бакалавриаттың 3 бағдарламасы: «Аударма ісі», «Шетелдік білім алушыларға арналған орыс тілі», «Шетел филологиясы»; магистратураның 2 бағдарламасы «Шет тілі: екі шет тілі», «Шетел филологиясы» білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің нұсқасы бойынша үздік үштікке кірді; «Шет тілі: екі шет тілі», «Шетел филологиясы» бағдарламалары «Атамекен» жұмыс берушілерінің рейтингінде жоғары бағаланды.
Жобалар:
Қазіргі уақытта факультеттердің ғалымдары шет тілінде білім беруді зерттеумен, CLIL-технологияларымен байланысты 3 ғылыми жобаны іске асыруда.
Серіктестер:
Факультет жетекші университеттермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды: «DAAD» Неміс академиялық алмасу қызметі, «Goethe-Institut» неміс тілін қолдау және дамыту қоғамы, Француз Альянсы, Қазақстандағы Франция Елшілігі жанындағы лингвистикалық орталық, Британдық Кеңес және т.б. ынтымақтастық шеңберінде шетелдік ғалымдардың қонақ дәрістерін жүзеге асыру, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу тәжірибесі бар.
Түлектер қауымдастығы
Шет тілдері факультетінің түлектер қауымдастығы 2006 жылы құрылған және бүгінде оның 1000-нан астам мүшесі бар. Қауымдастық еріктілік, оның мүшелерінің теңдігі, өзін-өзі басқару, есеп беру, жариялылық негізінде жұмыс істейді. Оның қызметі әртүрлі буын түлектері арасындағы байланысты сақтауға, шет тілдер факультеті түлектерінің мәртебесін арттыруға, студенттік бастамалар мен факультет қызметкерлерін қолдауға бағытталған